Ресей-Түркия-Украина саммиті басталды

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі басталды. Бұл Ресейдің қарулы шабуылы басталғаннан бері тараптардың ең жоғары деңгейдегі алғашқы кездесуі.

10 Mart 2022 12:23

Ресейдің қарулы шабуылы басталғаннан бері тараптардың ең жоғары деңгейдегі алғашқы кездесуі бүгін Анталия қаласында басталды.

Кездесу алдында Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу екі министрмен бөлек келіссөздер жүргізді, ал үш жақты кездесу алдында ол Лавров пен Кулебаны жеке қарсы алды.

Түркияның қарқынды дипломатиялық күш-жігерінің нәтижесінде іске асырылып келе жатқан кездесу, ең алдымен, қақтығыстарды тоқтату және екі ел арасындағы тұрақты бітімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Дмитрий Кулеба мен Сергей Лавров арасындағы кездесу Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлуның іс-әрекеттері нәтижесінде өтеді. Бұған дейін Чавушоғлу 11-13 наурызда өтетін Анталия форумында тараптардың кездесулерін өткізгісі келетінін айтқан болатын.

Анталия Дипломатиялық форумға әлемнің түкпір-түкпірінен үш мыңға жуық дипломат қатысады деп күтілуде. Олардың арасында 19 елдің мемлекет және үкімет басшылары, 73 елдің министрлері және 42 халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Жиынға Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да қатысады. Айта кетейік, Түркия мен Армения өзара іс-қимылды жақсарту үшін күш салуда.

Жаңалықтар