Ресей-Украина дағдарысы: оқиғалар қалай басталды?

Әлемнің күн тәртібінде Ресей мен Украина арасындағы дағдарыс болып тұр. Ал, бұл екі елді ықтимал соғыс жағдайына қай себептер келтірді?

22 Şubat 2022 18:06

Соңғы жылдары Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс Донбасс аймағындағы дағдарысқа байланысты күшейе түсті.

2021 жылдың соңғы айларында АҚШ-тың барлау есептерінде Ресейдің шекара аймағына 100 мыңнан астам әскер жинағаны туралы мәлімет бүкіл әлемнің назарын осы аймаққа аударды.

Вашингтон-Мәскеу-Киев және Брюссель желісінде ескертулер, қауіп төндіру туралы мәлімдемелер кезекпен келіп түсті.

Алдымен Ресей АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік кепілдігі ретінде көрсетілген талаптарын атап өтті. Мәскеу НАТО-дан Шығыс шекарада әскери қатысуды қысқартуды талап етті, сонымен қатар Украинаның НАТО-ға қабылдануын "қызыл сызық" ретінде қабылдайтынын жариялады.

Өз кезегінде НАТО Ресейдің мұндай талап қоя алмайтынын мәлім етті, ал АҚШ пен Еуропалық Одақ Ресей әкімшілігіне Украинаға шабуыл жасалған жағдайда оған өте қатаң экономикалық санкциялар төніп тұрғаны туралы бірнеше рет ескертті.

Алайда, бұл ескертулер жағдайды шешпеді.

Ресей-НАТО Кеңесі 2019 жылдан бастап алғаш рет 2022  12 қаңтарында жиналды. 

НАТО Ресейдің қауіпсіздік талаптарына оң жауап бермеді, нәтижесінде келіссөздер шиеленісті төмендете алмады.

21 қаңтарда АҚШ пен Ресейдің Сыртқы істер министрлері Женевада кездесті. АҚШ 1 апта ішінде Ресейдің қауіпсіздік талаптарына жазбаша түрде жауап беретінін жариялады.

Вашингтонның 26 қаңтарда берген жазбаша жауабы Ресейді қанағаттандырмады.

НАТО Украинаға жақын мүше елдердегі әскерлер санын көбейттті, Ресей Украинамен шекарада өз күштерін нығайтудан бас тартпады.


АҚШ пен Еуропа елдері Украинаға қару-жарақ көмегін көрсетуді жалғастырды.

Әскери жаттығулар қарқынды түрде жалғысып келді.

Бұл процесте қарқынды дипломатиялық кездесулер де орын алды.

АҚШ президенті Байден, Франция президенті Макрон, Германия канцлері Шольц, Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон, Ресей және Украина мемлекет басшылары көптеген жеке және телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Шиеленіс күшейген сайын АҚШ пен көптеген елдердің Украинадағы дипломатиялық қызметкерлерінің барлығы немесе бір бөлігі еліне оралды.

Жаңалықтар