6

Ресейдің Украинаға жасап келе жатқан қарулы шабуылының 6-ші күні

Украина армиясы Ресей күштеріне қарсы тұруды жалғастыруда.

01 Mart 2022 14:26

Бүгін Ресейдің Украинаға қарсы бастаған қарулы шабуылының алтыншы күні.

Украин армиясы көптеген қалаларда Ресей күштерімен күресуді жалғастыруда.

Украинаның астанасы Киевтен солтүстікке қарай 10 шақырым жерде орналасқан қалада қатты жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

Украиналық БАҚ Ресейдің әуе шабуыл жасағанын хабарлады.

 Украина президенті Зеленский Ресейдің бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын айтты. Ресейдің 5 күнде 56 зымыран соққысын жасап, 113 қанатты зымыран шығарғанын атап өткен украиналық көшбасшы еліне қолдау көрсеткісі келетін шетелдік ерікті жауынгерлердің елге визасыз кіруін көздейтін қаулыға қол қойды.

Еуропалық Одақ елдерінде пана іздеген украиндықтардың саны 500 мыңнан асты.

Айта кетейік, Украина Ресейдің шабуыл салдарынан 352 бейбіт тұрғын қайтыс болғанын, олардың 14 - і балалар болғанын мәлім етті. Сондай-ақ 116-сы балалар болып табылатын, 684 бейбіт тұрғын жарақат алды деген ақпарат берілді.

Мәскеу, өз кезегінде, бірінші рет Украинада ресейлік әскери қызметшілердің қайтыс болғанын және жараланғанын мойындады, алайда нақты сан бермеді.

Украинаның Бас штабы Киев маңындағы қаланы басып алуға тырысқан Ресей әскерлері бұғатталғанын атап өтті.

Ресей әскерлері әскери және азаматтық әуежайларға, командалық штабтарға, Әуе қорғаныс жүйесінің объектілеріне, маңызды инфрақұрылым объектілері мен елді мекендерге зиян келтіруді жалғастыруда деп хабарланды.

Украина әскери күштері Ресейдің Киевтің оңтүстік-батысындағы әскери әуе базасына жасап жатқан шабуылдарымен қолдарынан келгенше күрескені атап өтілді.

Киевтің шығысында Прилукиде көптеген ресейлік танктер атылды.

Американдық Maксар спутниктік деректер компаниясы ұзындығы шамамен 5 шақырымдық ресейлік әскери конвойдың Киевке жол алғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар