7

Ресейдің Қырымды заңсыз тартып алу процесі 7 жыл бұрын болды

Ресейдің Украинаның аумағы мен егемендігінің астындағы Қырым Автономиялық Республикасын заңсыз тартып алу процесінен кейін 7 жыл өтті.

16 Mart 2021 15:15

Киевте 2013 жылдың соңында президент Виктор Янукович Еуропалық Одақпен (ЕО) қауымдастық туралы келісімге қол қоюды кейінге қалдырғаннан кейін басталған наразылықтардың өсуімен елдегі қоғам екіге бөлінді: Украина мен Ресей жағы.

Қырым қоғамындағы ресейлік операциясының күшіне Қырым парламентінің төрағасы Владимир Константиновтың 2014 жылы 20 ақпан күні Мәскеуге жасаған сапары көмектесті.

Сапар барысында Константинов, Янукович қызметінен кеткен жағдайда Украинадан Қырымды алу идеясын алға тартты.

Наразылықтар күшейгеннен кейін Янукович 22 ақпанда елден қашып кетті.

Мәскеу, Ресей депутаты Леонид Слуцкий бастаған депутаттық делегацияны түбекке жіберіп, операцияны күшейтті.

Делегация "Ресей одағы" партиясының төрағасы Сергей Аксеновпен және Қырым парламентінің депутаты Сергей Цековпен кездесті. Өз мәлімдемесінде Цеков Қырымның Ресейге қосылуы туралы тез шешім қабылданатынын білдірді.

25 ақпан 2014 жылы Ресей тараптары Қырымды Ресейге қосу үшін парламентке қысым жасай бастады. 400-ге жуық ресейшіл наразылық Қырым Парламентіне шабуыл жасап, Парламенттен Қырымның тәуелсіздігін жариялау туралы референдум өткізуді талап етті.

Қырым парламентінің алдында 26 ақпан 2014 жылы Қырым татар ұлттық мәжілісімен "Ресей одағы"партиясы кездескен тарихи күн болды, митинг және протесттер өтті.

Митингте екі адам қайтыс болды. Қырымның Украинадан бөлінуі жайлы референдумды талқылау осы оқиғаларға байланысты кейінге қалдырылды.

Бірақ сол түннен бастап елтаңбалары және белгілері болмаған ресейшіл қарулы күштер пайда болды, олар "жасыл адамдар" деп аталды. Бұл әскери топтар Қырым парламенті мен үкіметінің ғимараттарын басып алды.

6 наурызда ресейшіл қарулы "жасыл адамдардың" көлеңкесінде жиналған Қырым Автономиялық Республикасының Парламенті Қырымның Ресейге қосылуы туралы референдум өткізу туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Бірінші күннен бастап жүйелі түрде жұмыс істеген ресейшіл қарулы жасақтар Қырым татар түріктері мен украиндарға қысым жасап, оларды түбектен кетуге мәжбүр етті.

Қырым үкіметі заңды болмаған реферандумға бойкот жариялады.

16 наурыз күні "жасыл адамдардың" басқаруында өткен референдум нәтижесінде Қырымды Ресейге қосу туралы шешімі шықты.

Ресей Президенті Владимир Путин 21-ші наурызда Кремль сарайында өткен салтанатта "Қырым мен Севастопольді Ресейге қосып, жаңа федералды аумақтар құру" заңына қол қойды.

Жаңалықтар