4

Ресейде 4 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салған

Ресей Президенті Владимир Путин, Ресейде 4 миллионға жуық адамдың коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткенін мәлімдеді.

04 Mart 2021 17:45

Президенттің айтуынша, Ресейде 2 миллионнан астам адам вакцинаның екі дозасын салды және де 2 миллионға жуық адам бір дозасын салған. Путин Ресейдің тоғыз аймағында коронавирус екпе жұмыстарының әлі басталмағанын ескертіп, логистика мен екпе салу пункттерін орналастырудағы проблемаларға байланысты болғанын атап өтті.

- Коронавирус оқиғалардың саны 4 миллион 300 мыңға жетті-

Ресейдегі коронавирус инфекциясыны бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, соңғы тәулікте 11 мың 385 жаңа науқас анықталып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны  4 миллион 290 мың 135-ке дейін өсті, індеттен опат болғандардың саны 87 мың 823-ке дейін жетті.

Соңғы тәулікте 16 мың 123 адам сауығып кетті, сауығып кеткендердің жалпы саны 3 миллион 869 мың 857-ге жетті.

- Ресейдегі коронавирусқа қарсы вакцинация процесі-

2020 жылдың қаңтарында Ресейде вирустың алғашқы оқиғасы тіркелді, вирусқа байланысты бірінші өлім 2020 жылдың 19 наурызында тіркелді.

Елде 2020 жылдың 24-ші желтоқсан күні 29 935 адамда вирус анықталып "ең жоғары" күн сайынғы вирус жұқтырғандардың саны болып тіркелді.


Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша 18-ші қаңтардан бастап Ресейде вакцинация жұмыстары басталды.

Anahtar Kelimeler: Коронавирус, Путин, вакцинация, Спутник В, екпе, Ресей,

Жаңалықтар