7-5

Ресейде азық-түлік бағалары Еуропа Одағымен салыстырғанда 7,5 есе өсті

Ресейде азық-түлік бағалары өткен жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға өсті, бұл ЕО-ға қарағанда 7,5 есе көп.

02 Mart 2021 10:09

2021 жылдың қаңтар айыны былтырғы кезеңімен салыстырғанда, Ресейде азық-түлік бағалары 8,2 пайызға өсті, деп мәлімдейді Ресей Федералды статистикалық басқармасы (Росстат).

ЕО-да азық-түлік бағасы 1,1 пайызға өсті, ал Ресейде азық-түлік бағасы ЕО-ға қарағанда 7,5 есе өсті, деп хабарланады.

Ресейде азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары өсуі көкөніс өнімдерінде тіркелді -  17,5 пайыз, жеміс өнімдерінің бағасы 13,5 пайызға ал бал, шоколад сияқты тәтті тағамдар 13,7 пайызға өсті.

Ресей Президенті Владимир Путин: "Инфляция коронавирус эпидемиясымен күресу аясында кәсіпорындарға қойылған шектеулермен және рубльдің әлсіреуіне байланысты" - деп мәлімдеді.

Anahtar Kelimeler: Ресей, инфляция, Путин, азық-түлік, коронавирус, Еуропа Одағы,

Жаңалықтар