Ресейде мұнай өндірудің ұлғаюы елдің экономикасына жағымды әсер етеді деп хабарланды

Ресей вице-премьері Александр Новак мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) және ОПЕК құрамына кірмейтін кейбір өндіруші елдерден тұратын ОПЕК тобының шешіміне сәйкес мұңай өндірісінің артуы елдің экономикасына жағымды әсер беретінін мәлімдеді.

05 Mart 2021 17:33

Новактың да пікірі қосылған, Ресей Үкіметінің жазбаша мәлімдемесінде ОПЕК тобының мұнай өндіру ағымдағы қысқартуды тағы 1 айға ұзартылатыны және Ресей бұл шешімнің сыртында ұсталынатыны ескертілді.

Новактың айтуынша, осы шешімге сәйкес Ресей сәуір айында мұнай өндіруді күніне 130 мың баррельге арттырады. "Мұнай өндірудің өсуі өңірлер алған салық түсімдеріне әсер етеді, сондай-ақ мұнай компаниялары кен орындарында жұмыс істеу мүмкіндіктері береді." - деп жалғастырды вице-премьер.

ОПЕК-тың кеше жасаған мәлімдемесінде Ресей маусымдық себептермен сәуір айында өндірісті 130 мың баррельге, ал Қазақстан Республикасы күніне 20 мың баррельге арттыратынын хабарлады.

Anahtar Kelimeler: Александр Новак, Мұңай, ОПЕК,

Жаңалықтар