Ресейдың ғалымдары алғаш рет адамның құс тұмауын жұқтырғанын мәлімдеді

Ресейдің Адам денсаулығы және тұтынушылар құқығын қорғау қызметінің (Роспотребнадзор) басшысы Анна Попова елде алғаш рет адамның құс тұмауын жұқтырғанын мәлімдеді.

22 Şubat 2021 16:53

Попова Мәскеуде өткен брифингте құс тұмауы туралы мәлімдеме жасады.

"Вектор зерттеулер орталығының ғалымдары елдің оңтүстігіндегі құс фабрикасының 7 қызметкеріне құс тұмауы жұққанын мәлімдеді" - деді Попова. Бұл фермада 2020 жылдың желтоқсанында құс тұмауы пайда болды сонымен қатар бұл оқиға әлемдегі алғашқы жағдай болып саналады.

Құс тұмауын жұқтырған адамдар өздерін жақсы сезінеді деп айта отырып, Попова бұл вирус адамнан адамға жұқпайтынын атап өтті.

Попова бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) мәлімдеме жасалғанын хабарлады.

Вектор зерттеулер орталығының бас директоры Ринат Максютов Ресейдің құс тұмауын анықтайтын тест жүйесін және вирусқа қарсы вакцинаны жасай алатындығын мәлімдеді.

Жаңалықтар