Самарқандта Түркияның Бас консулдығы ашылады

Түркияның Ташкенттегі Елшісі Олган Бекар: "Түркия Өзбекстанда Бас консулдықты ашуға шешім қабылдаған алғашқы ел болған."

05 Mart 2021 11:38

Түркияның Өзбекстандағы елшісі Олган Бекар 7 наурызда Самарқандта Түркияның Бас консулдығының ашылуына түсініктеме бере отырып, Түркия мен Өзбекстан ең сындарлы ынтымақтастық пен қатынастардың даму кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтты.

Елші, Түркия 1991 жылы Өзбекстанның тәуелсіздігін мойындаған және Ташкентте өз елшілігін ашқан алғашқы ел болғанын еске салды.

"Осыған байланысты тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, Түркия Өзбекстанда Бас консулдықты ашуға шешім қабылдаған алғашқы ел болды", - деді дипломат.

Елші, екі бауырлас елді ортақ тарих, тіл және дін байланыстыратынын және де Анкара мен Ташкент арасында көпжақты ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті.

Бекар екі ел арасындағы тарихи байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, қазіргі кезеңде Түркия мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар саяси, экономикалық, сауда, мәдени, гуманитарлық және басқа салаларда нақты нәтижелер әкелуде, деп қосты.

"Анкара мен Ташкент сауда-саттықтан бастап мәдениетке дейін, энергетикадан туризмге дейін барлық салаларда ынтымақтастықты дамытып, тереңдетуде. Бірлескен жобалардың саны күннен күнге артып келеді", - деп жалғастырды дипломат.

Елшінің айтуынша, қазіргі уақытта Түркия Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне, сондай-ақ Өзбекстан экономикасына белсенді инвестиция салатын негізгі елдердің қатарына кіреді.

"2019 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,54 млрд долларға жетті. 2020 жылы пандемияның теріс әсеріне қарамастан, бұл көрсеткіш 2,1 миллиард доллар болды" - деп қосты дипломат.

Жаңалықтар