Самарқанның ең маңызды тарихи ғимараттарының бірі - Бибі Ханым мешіті

Түркі-ислам мәдениетінің ең көрнекті үлгілерінің бірі - Бибі Ханым мешіті XV ғасырда, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.

30 Nisan 2021 12:10

Мешіт 1399-1405 ж. Әмір Темірдің қалауымен, жұбайы Бибі Ханымға арнайы салынған. Тарихи деректерге сәйкес, мешіттің құрылысымен Әмір Темір өзі де айналасқан.

Бибі Ханым мешітінің құрылысы Әмір Темірдің Үндістандағы жеңісінен кейін бітеді, кейбір деректерге қарағанда, бұл мешіт Темірдің жеңісіне арнайы тұрғызылған деп ойланылуда.

Ескерткіш ұзынынан да, көлденеңінен де айқын белдеулене салынған, тікбұрышты аула тәріздес.

Ғимараттың ерекше сәнді әрі келісімді түрі оны өз алдына дербес құрылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Мешіттердің қасбеті нақышты өрнектелген, мозаикамен, оюлы мәрмәр тақталармен безендірілген. Ішкі жағы түгелдей алтындаған көкшіл бояумен өсімдік тектес, геометриялық өрнек түрінде өрнектелген.

Бибі ханым мешіті Орта Азияның ортағасырлық архитектурасының ең әдемі ғимараттарының бірі болып табылады. 
 

Жаңалықтар