Сарапшылардың пікірінше, түркі әлемі мета-ғаламның құрылысын бастату керек

Түркия Президенттік аппаратының коммуникациялар жөніндегі басшылығы тарапынан ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты жоғары лауазымды кісілердің қатысуымен өткен "Түркі әлемінің цифрлық болашағы: мета-ғалам" атты жиналыста сөз сөйлеген сарапшылар Түркі әлемі мета-ғаламның құрылысына кешікпеуі тиіс екенін атап өтті.

16 Mayıs 2022 11:13

Отырысқа ТРТ телерадиокомпаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы профессор, доктор Ахмет Албайрак, Қазақстанның "Хабар" ақпараттық агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли, қазақстандық 10Tech компаниясының негізін қалаушы-басшысы Бауыржан Шалабеков, әзірбайжандық техноблоггер және ютубер Фарид Пардашунас, Өзбекстанның ИТ-паркі төрағасының орынбасары Бахадыр Аюпов және "Хар Групп" тобының атқарушы директоры Бурак Сойлу қатысты.

Жиналыста сөз сөйлеген Уәли түрік телехикаяларының Орталық Азия елдерінде мыңдаған көрермені болғанын атап өтіп, Түркия мен Әзірбайжанның "Түрксат" және "Азер Спайс" жерсеріктері арқылы хабар тарататын телеарналардың эфирін Қазақстан мен Өзбекстан арқылы таратуды қамтамасыз етуге тиесілі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

"Менің түркі әлемінің барлық БАҚ-тарына ұсынысым бар. Сіздер Қазақстандағы тарихи Түркістан қаласын білесіздер. Түркістан - Орталық Азиядағы ең көне, тарихи қалалардың бірі. Бұл қала - бәріміздің ортақ тарихымыз. Неге Түркістан туралы тарихи көркем фильм түсірмеске? Біз Қазақстанға, Түркияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Әзірбайжанға тиісті мамандарды бірге таңдап, келісілген сценарий негізінде өнер туындыларын жасауды ұсынамыз. Жалдау мен таратудан түскен кірістер тең бөлінеді. Жалпы, түркі халықтардың мәдениеті, шежіресі туралы көркем фильмдердің түсірілуі мүмкін." - деді Уәли.

Әлемдегі ең ірі компаниялар мета-ғалам әлемінде өз орнын ала бастағанын айтқан Шалабеков, түркі әлемінің де осы жаңа әлемде өз орнын алуы керек екендігіне назар аударды.

Аталған іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің БАҚ және ақпарат үшін жауапты министрлерінің кездесуі аясында іске асырылды.

 

Жаңалықтар