Сегіз ғасырлық "Арсланхане" мешіті, ЮНЕСКО-ның Дүние Мұрасы тізіміне енгізілуге талапкер

Анатолыдағы сегіз ғасырлық мешіт, Орта Азияның сәулет өнерінің жарқын үлгісі.

23 Mayıs 2021 00:18

Арсланхане мешіті - Анкараның тарихи мешіттерінің бірі. Ол XIII ғасырда Анкара бекінісінің ішінде қаланды. Тарихи мешіт ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіру үшін талапкер.

Мешіттің бастапқы атауы - Ахи Шерафеттин

1290 жылы Ахи Шерафеттин мешітті жөндетіп, оның аумағын кеңейтті. Мешіттің бастапқы атауы Ахи Шерафеттин болды. Бірақ жергілікті тұрғындар ғимараттың шығыс жағындағы арыстандардың бейнесіне байланысты оны "Арсланхане мешіті" деп атады.

Мешіттің құрылымы

Тарихшы Әбдулқадыр Ердоған атап өткендей, Арсланхане мешіті Орталық Азиядағы түрік сәулетінің сирек үлгілерінің бірі болып табылады. Төртбұрышты негізде сегіз деңгей бар. Мұнараның сегіз қабаты бар және оның сыртқы беті өрнектермен безендірілген. Мешіттің ішкі көрінісі әдемі ғана емес, сонымен қатар қарапайым. Бұл жерде Селжұқ мәдениетінің іздерін табуға болады. 

Арсланхане мешіті- ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енуге үміткер

Анкара қаласының, Алтындағ ауданының әкімі Асым Балджи, мешітті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін бар күшін салуға дайын екенін білдірді.

 

Жаңалықтар