c

Селим Cырры Таржан-Түркиядағы олимпиада спорт түрлерінің дамуында жетекші рөл атқарған тұлға

Селим Cырры Таржан-Түркиядағы олимпиада спорт түрлерінің дамуында жетекші рөл атқарған тұлға.

07 Mart 2022 20:14

Селим Сырры Таржан 1874 жылы қазіргі Грекия аумағында дүниеге келген.

Оның әкесі Жүсіп Бей 1876 жылы Черногория соғысында қаза тапты. Анасымен бірге Ыстанбұлға көшкен Таржан көкесінің жанында тұра бастады. Көп ұзамай көкесі жер аударды.

Таржан Галатасарай орта мектебіне оқуға түсті. Орта мектепте оқып жүргенде ол Али Фаик Бейден гимнастика сабақтарын алды.

Орта мектепті бітіргеннен кейін ол әскери-инженерлік білім институтына түсті.

Оқуды бітіргеннен кейін Таржан еңбек жолын Измирде дене шынықтыру мұғалімі ретінде бастады.

Измирде жұмыс істеген кезінде ол теннис, ауыр атлетика, бокс, күрес, жүзу, велоспорт, футбол және т. б. спорт түрлерімен айналасты.

Селим Сырры Таржан Осман империясының ұлттық олимпиадалық қоғамының негізін қалаушы ретінде тарихта өз ізін қалдырған ұлы тұлға.

Измирден Ыстанбұлға оралған Селим Галатасарай орта мектебінде француз мұғалімі болған Монсье Юэримен дос болады. Селим техникалық университетінде гимнастикадан сабақ берген кезінде Таржан досы Юэри арқылы Халықаралық олимпиада төрағасы барон Пьер де Кубертинмен кездесті. Барон Пьер де Кубертин Таржанды Осман империясынның Олимпиада өкілі етіп тағайындады. Сол жылдары Осман империясында қоғамдық құруға тыйым салынған болатын.

Сұлтан II. Абдүлхамид 1908 жылы 24 шілдеде екінші конституцияны жариялағаннан кейін, спорт қоғамының құрылуы ырықтандырылды.  Осман империясының ұлттық олимпиадалық қоғамын құрды және осы қоғамның бас хатшысы болып жұмыс істеді.

Селим Сырры Таржан 1908 жылы Халықаралық олимпиадаға жіберілді.

Ол 1909 жылы Берлин Олимпиадасына Осман империясының атынан қатысты.

1911 жылы Осман империясы ресми түрде Халықаралық олимпиадаға қабылданды.

Селим Сырры Таржан Түркияда волейбол және бокс спорттарының негізін қалаушысы болды.

Сонымен қатар Таржан 58 кітап пен 2500 мақала жазған.

Спортшы 1520 конференцияға қатысып, тәжірибесімен бөлісті.

1923 жылы 29 қазанда Түркия республикасы құрылған кезде Селим Сырры Таржан жаңа комитетті тағайындады және 1923 жылы 2 қарашада түрік ұлттық олимпиада комитетінің алғашқы отырысы өтті. Осылайша, Түркияның ұлттық олимпиада комитеті ресми түрде ұйымдастырылды.

Селим Сырры Таржан 1923 жылдан 1927 жылға дейін Түрік ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болды.

Тұлға саясатпен айналысып, депутат болып сайланды.

Селим Сырры Таржан 1957 жылы 2 наурызда Ыстанбұлда дүниеден озды.

Жаңалықтар