Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды

Депутаттар «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

27 Ocak 2022 22:02

Аталған Заң жобасы Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жоюды көздейді.

Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Алайда, жаңа түзетулерді ұсынып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарды.

Сондай-ақ заңды талқылау барысында «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр.

Сенатор Ляззат Сүлейменнің айтуынша, Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді қолдай отырып, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр.

Жаңалықтар