Үш құрлықтың ортасында орналасқан Түркия логистикалық тұрғыдан қатарының алдында тұр

Азия, Еуропа және Африканың ортасында орналасқандықтан және үш жағы теңіздермен қоршалғандықтан, Түркия логистика тұрғысынан шетелдік инвесторлар үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынады.

31 Mart 2021 01:33

Соңғы жылдары Түркияда авто, темір жол, әуе және теңіз көліктеріне көп көңіл бөлініп, ірі жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жүк тасымалы нарығы дамыды, сыртқы сауда көрсеткіштері жақсарды.  

Соңғы 18 жыл ішінде көлік саласын дамытуға 930 миллиард лираға жуық инвестиция салынды. Оның қаражатының 62% - ы автокөлік жолдарын салуға жұмсалды, бұл шамамен 566 миллиард лираны құрады.  18 жыл ішінде айналма жолдардың ұзындығы 6100 км-ден 28 195 км-ге дейін, ал автокөлік жолдарының ұзындығы 1714 км-ден 3523 км-ге дейін ұлғайды.  

Азаматтық әуежайлар жылына 317,85 миллион жолаушы тасымалдай алады

Шығыс пен Батысты біріктіре отырып, Түркия әуе көлігін дамытуға айтарлықтай қаражат салды. Осылайша, әлемдегі ең үлкен Ыстамбұл әуежайының салынуы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Түркияда азаматтық рейстерге ашық 56 әуежай бар. Олар жылына орта есеппен 317,85 миллион жолаушыны тасымалдай алады.

Темір жол жобалары

Түркия соңғы жылдары бірқатар темір жол жобаларын жүзеге асырды. Еуропалық жүк пойыздары Болгария, Румыния, Мажарстан, Польша, Австрия, Словакия, Чехия және Германияға үнемі қатынайды. Ал Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісі арқылы тауарлар Грузия, Әзірбайжан, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанға, сондай-ақ Ресей мен Қытайға экспортталады. Ал Таяу Шығыс елдеріне жүк пойыздары Вангтағы Қапыкөй шекара бекеті арқылы өтеді. Пәкістан мен Ауғанстанға темір жол маршруттарын ашу бойынша алдағы күш-жігер бағытталған.

Өткен жылы теңіз порттары арқылы 139 миллион тонна жүк экспортталды

Үш жағынан теңізмен қоршалған Түркияның теңіз порттары транзиттік және экспорттық мүмкіндіктер тұрғысынан маңызды. Мысалы, Қара теңіз жағалауында орналасқан барлық елдер Босфор мен Дарданелл бұғазы арқылы әлемдік нарыққа қол жеткізе алады.

ISPS сертификаты бар 182 порт бүкіл ел бойынша жұмыс істейді. Олардың барлығы коммерциялық жүк қызметтерін ұсынады. Өткен жылы порттар арқылы 486 миллион 702 мың 168 тонна жүк тасымалданды. Оның 138 миллион 702 мың 168 тоннасы экспортталды.

Тікелей шетелдік инвестицияларды кеңейту жоспарлануда

Анкара қалалық Өнеркәсіп палатасының президенті Нуреттин Өздебир Түркияның тікелей инвестициялар үшін ең қолайлы ел екенін атап өтті. Себебі Түркия арқылы Парсы шығанағы мен Солтүстік Африка елдеріне тікелей қол жетімді. Сонымен қатар, Түркия мен Орталық Азияны, содан кейін Қытайды байланыстыратын "Жібек темір жолы" деп аталатын темір жолы үлкен қызығушылық тудырады.

Жаңалықтар