Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы

1936 жылдан бастап фильм мен деректі фильмдер түсіріп келе жатқан Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Қазақстан мәдениетіне едәуір үлес қосады.

08 Nisan 2022 16:03

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті.

1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм және «Ленфильм» киностудияларымен бірлесіп Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеңінде отандық көркем фильмдердің 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы «Қазақфильм» атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері «Қазақфильм» киностудиясы шамамен 136 толықметражды көркем фильм түсірген (оның алтауы телевизиялық көркем фильмдер); 73 қысқаметражды фильм; 258 деректі фильм (оның сегізі деректі сериалдар); 67 анимациялық фильм (оның ішінде 1 анимациялық сериал, 1 толықметражды анимациялық фильм).

2008 жылдан бастап осы күнге дейін «Қазақфильм» киностудиясының 200 астам картиналары әлемдегі 60 елдегі 220-дан астам халықаралық байқаулар мен көрсетілімдерге қатысты.

Жаңалықтар