Шах Аббас мешіті

Жұма мешіті деп те аталған мешіт Әзербайжанның Гянджа қаласының орталығында орналасқан.

13 Şubat 2022 13:31

Шах Аббас мешіті 1587-1629 жылдары Сефеви шахтың бұйрығымен салынды.

"Шах Аббас" деп аталатын мешіт қызыл кірпіштен тұрғызылған. 1776 жылы мешітке қосымша екі мұнара салынған.

Мешіт 2008 жылы толығымен жаңартылды.

Мешіттің айналасындағы ғасырлық ағаштар ерекше мистикалық атмосфера туғызады.

Мешітке қарама-қарсы алаңда 1700 жылдардың аяғында өмір сүрген Джевад Ханның қабірі орналасқан. Джевад Хан Гянджаны орыс армиясына қарсы бірнеше әскермен қорғап, түркі тарихына атын алтын әріптермен жазып өткен.

Кейбір көздерге сәйкес, шығармалары еуропалық тілдерге аударылған, белгілі Әзербайжан ақыны және ғалымы Мирза Шафи Вазех (1796-1852) мешіт медресесінде сабақ берген.

Жаңалықтар