2023

Шанлыурфа 2023 жылдың "Ислам елдерінің туризм қаласы" болып таңдалды

Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің туризм министрлері Түркияның Шанлыурфа қаласын "2023 жылғы туризм қаласы" деп таңдады.

29 Haziran 2022 17:24

Әзірбайжан астанасы Бакуде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің 11-ші отырысы өтті.

Жиынға Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Өзгуль Өзкан Явуз қатысты.

Отырыста Түркияның Шанлыурфа қаласы 2023 жылдың "Ислам елдерінің туризм қаласы" болып таңдалды.

Ал 2024 жылдың "Ислам елдерінің туризм қаласы" Өзбекстанның Хива қаласы болуына бірауыздан шешім берілді.
 

Жаңалықтар