Шетелдік студенттер "Түркия стипендиясы" бағдарламасына үлкен қызығушылық танытты

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы бүкіл дүниедегі студенттерге стипендия ұту мүмкіншілігін беріп тұр. Шетелдік студенттер "Түркия стипендиясы" бағдарламасының 2021 жылғы өтінімдеріне үлкен қызығушылық танытты.

27 Şubat 2021 15:33

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының шетелдік студенттерге беретін "Түркия стипендиялары" бағдарламасына 2021 жылы үлкен қызығушылық танытылды.

Басқарманың хабарлағанындай, 10-ші қаңтарда басталған Түркия стипендияларына өтінім беру мерзімі 20-ші ақпан күні аяқталды.

Әлемнің 178 елінен 165 мыңдан астам талапкер биыл Түркияда бакалавр, магистратура және докторантура оқу үшін өтінім берді.

Олардың арасынан ғалымдар мен басқарма мамандары өткізетін конкурстан кейін Түркиядағы университеттерде оқу үшін студенттер таңдалады.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен бес тілде «Әлемнің ең ауқымды стипендия бағдарламасы арқылы шетелдік студенттерге Түркияда білім алу мүмкіндігін беретін бағдарламаға өтінім беру мерзімі аяқталды» деп жариялады. Ол осы бағдарламаға әлем елдерінен рекорд деңгейде өтінім келгенін атап өтті. «Биыл да 178 елден 165 мыңнан астам өтінім алған Түркия стипендияларына ықылас танытқан баршаға алғыс айтамыз» деді ол.

Түркияда білімін сәтті аяқтаған студенттер басқа елдермен Түркия арасындағы қатынастарды дамытуда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар аймақтық және жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарда қызмет істейді.

"Түркия стипендиялары" түлектері бүкіл әлем бойынша  академиялық және ғылыми-техникалық прогресс аясында адамзатқа елеулі үлес қосады.

Жаңалықтар