Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастығы мен Анадолу агенттігінің серіктестігінде "Жаңа медиа" білім беру бағдарламасы басталды

Бағдарламаға бұқаралық ақпарат құралдарына, баспасөзге, журналистикаға және әлеуметтік желілерге қызығушылық танытқан Түркия түлектері қатыса алады.

16 Mart 2021 11:02

 

Түркия түлектеріне арналған бағдарламаның ресми ашылу рәсімінде кіріспе сөзін айтқан Анадолу хабар академиясының директоры, Альптекин Джихангир Ишбилир: «Түріктер және Ағайын Қауымдастығы (YTB) мен бірге ұымдастырылған білім беру бағдарламасына журналистика факультетінің түлектері немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуді қалайтын Түркия түлектері қатыса алады. Бірінші этапта бағдарлама бес күн болады деп жоспарланды» - деді.

Ресми рәсімде сөз алған YTB координаторы М.Будак, бұл бағдарламаның Түркия түлектеріне кәсіби даму және тәжірибе алмасу мақсатымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар Будак, әлемнің 160-тан астам елінен 150 мыңнан астам түрік түлектеріне арналған көптеген түрлі салаларда оқу бағдарламасы мен мансаптық жоспарлау жұмыстарын жалғастырылып жатқанын мәлімдеді.

15-19 наурыз арасында өтетін бағдарламаның кестесінде:

"Жаңалықтар жазу әдістері";

"Сұхбат алу әдістері";

"Репортаж жасау өнері";

"Дағдарыс аймақтарында журналистика";

 "Халықаралық журналистика зерттеулері", және де бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге арналған қосымша курстар өтеді.

Білім беру бағдарламасы аяқталғанда қатысушыларға сертификат беріледі.

 

 

Anahtar Kelimeler: Анадолу агенттігі, YTB, Yeni Nesil Medya Eğitimi,

Жаңалықтар