9

ШЫҰ-ға мүше елдердің Көлік министрлерінің 9-шы отырысы өтті

Өзбекстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Көлік министрлерінің 9-шы отырысы өтті.

13 Mayıs 2022 09:58

Елдің тарихи Хиуа қаласында өткен кездесуге Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан және Өзбекстанның көлік министрлері, сондай-ақ  топ-менеджерлер қатысты. Кездесуде өзара ынтымақтастықты дамытуға, өңірлік көлік дәліздерін кеңейту және көлік құралдарын тиімді пайдалануға байланысты мәселелер талқыланды.

Өңірлік көлік және транзиттік әлеуетті дамыту ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық өсуінің негізгі факторларының бірі болып табылатыны атап өтілген кеңесте кешенді және интеграцияланған көлік жүйесін құруға, қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу арқылы өзара қатынастарды одан әрі дамытуға, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға және көлік желілерін жақсартуға байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесуде қабылданған шешімге сәйкес. ұйымның келесі кездесуі Үндістанда өтеді.

 

Жаңалықтар