Түрік альпинистер Ходжалы шейіттері үшін "Хача" тауына көтерілді

Түрік альпинистер Ходжалы қырғынында қайтыс болған 613 Әзірбайжандықтарды еске алды.

22 Şubat 2021 21:47

Альпинизм клубы, Әзірбайжан тіл, тарих және мәдениет одағы, сондай-ақ Әзірбайжанның Карс қаласындағы консулдық ұйымдарының ұйымдастырған Ходжалы қырғынының мемориалдық рәсімі өткізілді.
Осыған байланысты Түркияның әртүрлі аймақтарынан келген 15 альпинист Түркияның Іғдір қаласында жиналып, Нахичеванға жол тартты.

Нахичевандағы ең үлкен таулардың бірі болған "Хача" тауына көтерілген альпинистер: "Біз Ходжалы шейіттерін мейірімділікпен, ризашылықпен және құрметпен еске аламыз"- деген плакатты көрсетіп, Түркиямен Әзірбайжанның жалауларын таудың басында тіреп қойды.


Альпинизм және экстремалды спорт клубының бас директоры Орхан Козан 6 жыл бойы дәстүрлі түрде Ходжалы шейіттерін еске алу үшін "Хача" тауына көтерілгенін айтты.

Бұрынғы көтерілістерінде Ходжалы шейіттерін еске түсіре отырып: "Әрине, біздің ішімізде мұң да бар, бірақ біздің қуанышымыз одан көп. Бұл жеңіс түркі елдерді бөлгісі келген барлық адамдарға керемет жауап болды"- деді ол.

Жаңалықтар