Түрік Кеңесінің энергетика министрлері энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің (Түрік Кеңесі) энергетика министрлері энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы шешім қабылдағаны хабарланды.

24 Şubat 2021 23:11

Бейнеконференция ретінде өткен Энергетика министрлерінің 1-ші жиналысынан кейін жасалған мәлімдемеде, Түркияның  күн тәртібіндегі тұрған мәселелерді қолға алу үшін жұмыс топтарын құру керек болғаны айтылған.

Энергетика саласындағы қаржының маңыздылығы ескертілген мәлімдемеде, халықаралық қаржы ұйымдарымен семинарлар өткізу идеясы талқыланды.

- Түркияның жаңартылатын энергия саласындағы мол тәжірибесіне назар аударылды

Түркияның жаңартылатын энергия саласында үлкен тәжірибесі бар екендігі айтылған мәлімдемеде, Түркияның мүше елдермен тәжірибе алмасу үшін бұл салада білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға дайын екендігі атап өтілді.

Мәлімдемеде тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты арттыруға дайын болғаны хабарланды. Сондай-ақ басқа мемлекеттерге мұнай-химия өнімдерін оңай жеткізілуі үшін Қазақстан Республикасында жұмыс жүргізу жоспарлары ұсынылды.

Кеңестің екінші отырысы 2022 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетіні мәлімденді. 

Отырысқа Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез, Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазов, Қазақстанның Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Қырғызстанның Энергетика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Вероника Исаева, Өзбекстанның Энергетика министрлігінің кеңесшісі Азиз Алимухаммедов және де Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрлігінің энергетикалық және климаттық мәселелеріне жауапты Дора Зомбори қатысты.

Жаңалықтар