Түрік компаниясы тарапынан салынып жатқан "Түркістан" облыстық ауруханасының құрылысы 2022 жылы бітеді

YDA түрік компаниясы салып жатқан "Түркістан" ауруханасының құрылысы 2022 жылы бітеді деп күтілуде.

16 Nisan 2021 16:01

Түркістан облыстық ауруханасының жоба директоры Акай Булут, жобаның құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталғанын айтты. Құрылыс аясында 300 жұмысшы қызмет атқарғанын атап өткен Булут, аурухана құрылысының жалпы алғанда 80 пайызының біткенін мәлімдеді.


"Біз коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуіне байланысты қиын жұмыс жағдайларына қарамастан, жобаны жоспарланған күнге дайындау үшін көп күш жұмсаймыз. Ауруханамызды 2022 жылдың шілде айының екінші жартысында аяқтауға тырысамыз."- деді жобаның директоры.

 "Бұл Қазақстандағы ең заманауи аурухана болады"

Булут мырзаның айтуынша, көп функциялы аурухананың сыйымдылығы 766 науқастарға арналған төсекті қамтиді. 

"Аурухана Денсаулық сақтау инфрақұрылымын және өңірдің жайлылығын өзгертеді, Түркістандағы денсаулық сақтау саласы бойынша барлық қажеттіліктерді қанағаттандыра алады. Бұл жерге келген науқасты басқа ауруханаға жіберудің қажеті жоқ."- деп түйіндеді Булут.

YDA Group компаниясы халықаралық нормаларға сәйкес, 4 аурухана жобасының құрылысын жалғастыруда, оның ішінде Түркістан облыстық ауруханасы, Астана медицина университетінің 1147 төсектік ауруханасы, 623 төсектік Петропавл облыстық ауруханасы, 530 төсектік Қостанай облыстық ауруханасы. 

 

Жаңалықтар