30

Түрік тілі емтиханында топ-30-ға кірген студенттер Ыстамбұл немесе Анталия билетімен марапатталады.

Юнус Эмре институты Қазақстанның астанасы Нұрсұлтан қаласында өтетін түрік тілі білімі бойынша емтиханда топ-30-ға кірген студенттерді Ыстамбұл немесе Анталия билетімен марапаттайды.

04 Mart 2021 14:34

Институттың мәлімдемесінде 2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтанда 4 мың 718 адам түрік тілін оқығаны ал осы айда басталатын онлайн-курстарға 8 мыңдан астам адам өтініш бергендігі айтылған.

Хабарламада 2021 жыл "Юнус Эмре және түрік жылы" жарияланғаны атап өтіліп, Қазақстанда түрік тілін үйренуге деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған курстар ашылғаны мәлімденді. Студенттердің түрік тілін көбінесе Түркиядағы университеттерде білім алу үшін, бизнес үшін, сондай-ақ Қазақстандағы мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі үшін немесе түрік телехикаяларын аудармасыз көре алу ушін үйренгісі келгені ескертілді. 


Коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуіне байланысты курстар онлайн режимінде өткізіліп жатқандығы туралы айтылды: "Наурызда басталатын түрік тілі курстары аптада 3 рет, жалпы 72 сағат болады, бұл курсқа қатысу үшін көптеген ай бойынша күткендер бар. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер курсқа қатысу туралы куәлік алады. Ал содан кейін тілді меңгерген деңгейіне қарай білімін жалғастырады. Курс соңында өткізілетін емтихандардың нәтижесінде топ-30-ға кірген қатысушылар үшін Қазақстаннан Стамбулға немесе Анталияға авиабилеттер сыйға тартылады."

Мәлімдемеде бұл секілді іс-шаралар екі елдің қарым-қатынасын дамытады делінген.

Жаңалықтар