150

"Түрік және Ислам ескерткіштері" мұражайының 150 ескерткіші "Сенім және Мәдениет" атты көрмеде көрсетіледі

Ертең, Түркияда "Сенім және Мәдениет" атты көрменің ресми ашылуы іске асырылады.

15 Nisan 2021 23:28

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, "Құран", "Мұхаммед Пайғамбар", "Ғибадат", "Дұға" және "Мәдениет" тақырыптары бойынша ұйымдастырылған көрме "Түрік және Ислам" мұражайында ертең көрсетілетін болады. 

Көрмеде жалпы алғанда 150 ескерткіш, оның ішінде 73-ші бірінші рет ұсынылатын болады.

Ұсынылған жұмыстардың ішінде- VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басындағы куфикалық каллиграфиямен жазылған Құран және әйгілі шебер Якут Аль-Мустасимиге тиесілі Құран, сонымен қатар Сеид Махмуд Хайранның ұлы Сеид Алиге тиесілі табыттың бір бөлігі бар. 

Көрмеде Қытай қағазына қорғасын сиямен жазылған Темір заманындағы  қасиетті Құран кітабы, Османлы каллиграфиясының ең көрнекті өкілі шейх Хамдуллаға тиесілі Құран кітабы, Сұлтан Абдулмаджидке тиесілі каллиграфиялық кескіндеме, Айя София қорынан XV ғасыр көшірмесінің бір данасы және басқа да құнды жұмыстар ұсынылады.

Көрмеге шілде айына дейін тегін кіруге болады. 

Жаңалықтар