Түрікменстанның "Көк төбе" ұлттық мұражайы

Ахал провинциясында орналасқан Көк төбе Ұлттық мұражайы 2009 жылдың 9 мамырында ашылды.

15 Nisan 2022 18:58

Мұражай ғимараты екі қабат.

Бірінші қабатта Түрікменстанның күнделікті өмірі, этнографиясы, тарихы, Көк төбе соғысы бейнеленген фотосуреттер, ұлттық құндылықтар, тарихи киім, зергерлік бұйымдар мен тарихи керамикалық жұмыстар көрсетілген. Сондай-ақ, құнды тарихи жәдігерлерді сақтайтын арнайы бөлмелер мен конференц-залдар бар.

Мұражайдың екінші қабатында халық батырларының фотосуреттері, тарихи жәдігерлер, этнографиялық құндылықтар, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері сақталған.

Мұражай 1500-ден астам тарихи артефактілерді қамтиді. Мұражайдың көрме алаңы 2011 шаршы метр.

Көк төбе Ұлттық мұражайы бүкіл ел бойынша тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, зерттеу және танымал ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Мұражайда бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіледі. 

Жаңалықтар