Түрікменстанның мемлекеттік циркі

Түрікменстанның мемлекеттік циркінің ғимараты 1979-1984 жылдары салынған.

13 Mart 2022 00:28



2001 жылы Түрікменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың бұйрығымен елдегі барлық цирктер жабылды. 2008 жылы Түрікменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов циркке тыйым салу туралы заңды алып тастады.

Мемлекеттік цирктің екі қабатты ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Қалпына келтіру жұмыстары барысында жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған ғимараттың сыртқы бөлігі ақ мәрмәр мен гранитпен қапталды.

Сондай-ақ, цирк фойесі, арена, көрермендерге арналған орындар, цирк жабдықтары, жануарларға арналған торлар және басқа да заттар толығымен жаңартылды. Цирк күмбезінде Түрікменстан туы 16 метрлік тутұғырға орнатылды.

2010 жылы жаңа Цирк ғимараты салтанатты рәсімде көрермендерге есігін айқара ашты. Сондай-ақ, цирк өнерін оқыту мектебі ашылды.

2012 жылы Минск қаласында Түрікмен мемлекеттік циркінің алғашқы шетелдік туры өтті.

2013 жылы Түрікмен циркі Мәскеудегі цирк фестивалінде бірінші орынға ие болды.

Цирктің әр шоуында әлемге әйгілі Ақал-теке жылқыларының көрнекті қойылымдары, акробатика, би, акробатика және тепе-теңдік, сондай-ақ үй жануарларының арнайы қойылымдары көрсетіледі.

Жаңалықтар