Түркі академиясы дайындаған «Ортақ Түркі тарихы», «Ортақ Түркі әдебиет»і, «Ортақ Түркі географиясы» сияқты ортақ оқулықтар мақұлданды

Түркі академиясы дайындаған «Ортақ Түркі тарихы», «Ортақ Түркі әдебиет»і, «Ортақ Түркі географиясы» сияқты ортақ оқулықтар мақұлданды.

24 Haziran 2022 17:23

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Nazarbayev University ғимаратында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті. 

Іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасың Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Түркі Мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің Қазақстандағы Елшілері, ректорлар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Тамырлас елдердің Білім министрлері Ахмет Байтұрсынұлының түркі жұрты мен оның ғылым-біліміне қосқан үлесі туралы айтты.

Шара аясында Түркі академиясы әзірлеген 2 томдық “Түркістан - Түркелі” энциклопедиясының, 3 томдық “Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары” жинағының және “Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш” кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жаңалықтар