30

Түркі елдерінің тәуелсіздігіне 30-жыл болғанына орай Түркияның Денизли қаласында арнайы көрме ашылды

Денизли қаласында "Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінің тәуелсіздігіне 30-жыл" деп атанған көрме ашылды.

09 Mart 2021 18:49

Мәдени іс-шаран Денизли қаласынын әкімшілігі және ТҮРІКСОЙ (Түрк мәдениетінің халықаралық ұйымы) серіктестілігінде өткізілді. 

Деликличынар Шейіттер алаңында ұйымдастырылған көрмеде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан Республикаларының суреттері көрсетілуде.

Денизли қаласының кураторы Али Фуат Атик ТҮРКІСОЙ ұйымына серіктестіктері үшін алғысын білдірді. "Түркі әлемінің бақытыны да қайғысына да әрқашан ортақтасамыз. Әр түрлі елдерде болсақ да, тамырымыз бір болған бауырмыз. Көрмеміздің мақсаты қала тұрғындарыны түркі әлемімен таныстыру, көркем жерлерін көрсету. Өткенде Әзірбайжанның консулын қабылдадық, Ходжалы қырғыныны еске салдық. Түркі әлемінің тарихи, мәдениеті, бақыты, қайғысы-бір" - деді Али Фуат Атик.

"Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінің тәуелсіздігіне 30-жыл" деп атанған көрме түркі әлемінің қарым-қатынастарын нығайтуға үлес қосады деген үміттеміз - деді Осман Зола, Денизли қаласының әкімі. 

"Көрмеде ұсынылған суреттер бұрын түркі халықтар қаншама бауырлас және жақын болғанын көрсетуде, бауыр екенімізді бізге ескертуде, қаламыздың барлық тұрғындарын күтеміз" - деп қосты әкім. 

Іс-шараға ТҮРКІСОЙ атынан Санжар Мулазимоглу мырза қатысты.

Көрмеде табиғат, тарих, сәулет өнері, адам портреттері және тағы да басқа көптеген туындылар көрсетілуде.

 

Anahtar Kelimeler: ТҮРІКСОЙ, Денизли, Көрме, Түркітілдес елдер,

Жаңалықтар