Түркі-ислам мәдениетінің үлгісі: Ханике Ханым кесенесі

Жүздеген аңыздарда аты аталған Ханике Ханымның кесенесі Қырымның ең маңызды тарихи ғимараттарының бірі болып табылады.

09 Mayıs 2021 01:04

Ханике Ханымның қабірі Жаныбек хан мешітінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Бақшысарай қаласында орналасқан.

1437 жылы қайтыс болған Ханике Ханым, Алтын Орда ханы Тоқтамыстың қызы болған. Ханике Ханым Қырымның саяси және қоғамдық өмірінің маңызды тұлғасы. Бұл маңыздылықты оның құрметіне салынған керемет кесене дәлелдейді.

Қабір тасын дұрыс оқымау нәтижесінде кесене ұзақ уақыт бойы "Ненкеджан ханым" немесе "Джанике ханым" деп оқылды.

Ханике Ханымның қабірінің салынған тарихы нақты білінбейді. Алайда, деректерге сәйкес кесененің 1437 жылы құрылғаны ойланылуда.

Тарихи кесене сегіз бұрышты пішінді, қабірдің ішінде тас саркофаг орналасқан. Оның үстінде "Бұл қабір Тоқтамыс ханның қызы Ханика ханымға тиесілі" деген тіркес жазылған.
 

Жаңалықтар