Түркі-ислам тарихының ежелгі қаласы - Баласағұн

Баласағұн - Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық кенттің атауы. Жазба деректерде 10 ғасырдан бастап белгілі.

09 Ağustos 2021 16:40

Зерттеушілердің пікірінше Баласағұн алғашқыда (8 ғасыр) түрікше Беклік (бекініс), соғдыша Семекне деп аталған. Баласағұн тұрғындары түркі және соғды тілінде сөйлеген. Қала 1210 жылы, Мұхпииед Хорезмшахты жеңген қарақытайлықтардың қол астына қарайды. 1218 жылы Шынғыс Хан әскерлеріне қарсылықсыз беріліп, Ғабалық деп аталды.

Шығыстанушылар В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, М.Тынышбаев Баласағұнның дәл орнын анықтауға күш салды. Соңғы кезде Баласағұн орны туралы ғылымда бірнеше пікір қалыптасты. Мұхаммед Хайдар Дулатидің кітабында (16 ғасырдың 1-жартысы) Джу елінде күмбезі мен мұнарасы ғана қалған, қираған қала орны бар, оны жергілікті халық «Борана» деп атайды делінген. Автор осы жерде құдай жолын қуған имам Мұхаммед Фатих Баласағұнидің қабірі бар екендігі жайлы да хабарлайды. Бұл дерек Баласағұнның орны осы Борана емес пе деген ой тудырады. Борана - Шу өңіріндегі ең үлкен ескерткіштердің бірі. Токток қаласынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Қала айналасы төртбұрышты қорғаныс дуалмен қоршалған. Солтүстік және батыс қабырғаларының ұзындығы 570 м, оңтүстік жағы 600 м, ал шығыс жағы 500 м. 1974 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологтары (жетекшісі У.Шәлекенов) зерттеп жатқан Шу өңіріндегі Ақтөбе деп аталатын көне қала Баласағұнның орны деген пікір де қалыптасты. 

Жаңалықтар