Түркі Кеңесінің Бас хатшысы, ертең іске асырылатын саммитке байланысты мәлімет жасады

Бағдад Әміреев 31-ші наурызда өтетін бейресми саммитінен не күткенін айтып, Түркі әлемі мемлекеттерінің бірлескен ұйымын кұру жоспарлары туралы хабарлады.

30 Mart 2021 18:33

"Мемлекет басшылары Қарабақтағы Әзірбайжанның жеңісінен кейін алғаш рет келіссөздер жүргізеді. Осыған байланысты саммит қоғам алдында ерекше маңызға ие. Бұл түркі әлемінің бірлігін нығайтудың маңызды кезеңі болмақ." - деді Әміреев.

Бас хатшының айтуынша, күн тәртібінде Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани орталығы ретінде жариялану мәселесі де болады.

"Біз бұл қаланың (Түркістанның) бүкіл ислам әлемі үшін маңыздылығын түсінеміз. Ыстамбұл, Самарқанд, Бұхара, Шуша, Баку және Алматы сияқты басқа қалалар да болашақта ерекше мәртебеге ие бола алады."- деді ұйымның Бас хатшысы.

Әміреев Түркі кеңесіне мүше елдерінің  Әзірбайжанның армян оккупациясынан босатылған аудандарын қалпына келтіру мәселесі бойынша пікір алмасатынын хабарлады. "Сәуір айының соңында Бакуде бизнес-форум өтеді, онда Қарабақты қалпына келтіру жұмыстары аясында жекеменшік компаниялардың қатысу мүмкіндіктері талқыланады", - деп жалғастырды Әміреев.

Сонымен қатар, Бас хатшы бейресми саммитте "Түркі Кеңесінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы" және "Түркі әлемі-2040" жоспарлары талқыланатын болады.

Әміреев биыл Түркі кеңесіне төрағалық ету Әзірбайжаннан Түркияға өтетінін еске салды.

"Түркия түркітілдес елдердің ынтымақтастығын барлық бағыттар бойынша ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Анкара біздің елдеріміздің ынтымақтастығы мен өзара қатынастарымызды нығайтуға өз үлесін қоса береді деп ойлаймын", - деді Бас хатшы.

Әміреев Украинаның Түркі кеңесінде бақылаушы ел мәртебесін алуға деген ниетіне түсінік бере отырып, бұл ұсыныс қаралу сатысында екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Түркі кеңесінде бақылаушы мәртебесін алуға 10-нан астам ел ниет білдірген. Алайда, қазіргі уақытта бұл мәртебеге тек Мажарстан ие.

Жаңалықтар