Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Әміреев Ходжалы туралы мәлімдеме жасады

Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Ходжалы қырғынының құрбандарын құрметпен еске алатындарын атап өтіп: "Түркі әлемі ретінде біз Әзірбайжанмен әрқашан иық тіресе тұрамыз"- деді.

26 Şubat 2021 17:49

Түркі  Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев Ходжалы қырғынының 29 жылдығына орай мәлімдеме жариялады.  Ол Таулы Қарабақтың Ходжалы ауылында 1992 жылы армяндар жасаған қырғында жазықсыз адамдардың зардап шеккенін еске салды.

Ол армян күштерінің мыңдаған Әзірбайжан азаматын тұтқынға алғанын және Ходжалы ауылын толығымен жойып жібергенін айтты. «Бүкіл әлем куә болғандай әділет орындалды. Бауырлас Әзірбайжанның Таулы Қарабақтағы оккупацияланған жері үшін жүргізген заңды күресі жеңіспен аяқталды. Осы жеңіс бүкіл түрік әлемі үшін мақтаныш және қуаныш» - деді Әміреев. «Осы шеңберде Түрік Кеңесі ретінде біз де Ходжалы қырғынының құрбандарын құрметпен еске алып, Әзірбайжан халқымен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркі әлемі ретінде Әзірбайжанмен әрқашан иық тіресе тұрамыз» - деді Бас хатшы.

Жаңалықтар