Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Әміреев "Шуша" мағлұмдамасы туралы пікір білдірді

Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевтің "Шуша" мағлұмдамасына қол қойғанына аса қуанышты болғанын білдірді.

17 Haziran 2021 01:03

Әміреев жасаған жазбаша мәлімдемесінде Шуша мағлұмдамасында түркі әлеміндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көптеген маңызды декреттер бар екенін атап өтіп, бұл құжаттың бүкіл түркі әлеміне өте әсерлі және жағымды екенін айтты.

Әміреев: "Осы тұрғыдан алғанда, Шуша мағлұмдамасы түркі мемлекеттері арасындағы жан-жақты ынтымақтастығының жоғары деңгейге қалай аударылуы керектігін көрсететін үлгі құжат ретінде тарихқа енеді," - деді.

Әміреев мағлұмдаманың көлемі экономикадан көлікке дейін, диаспорадан мәдени мәселелерге дейін Түркі Кеңесінің қол астындағы ынтымақтастық салаларымен ұқсастықтардың болғанын атап өтті.

"Бұл мағлұмдама тек екі ел мен олардың халықтарының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мүдделеріне қызмет етеді,"- деп жалғастырды Түркі Кеңесінің Бас хатшысы.

Әміреев Шуша мағлұмдамасының аймақтық бейбітшілікке, тұрақтылық пен өркендеуге қуатты шақыру екенін айтқан Әміреев, Әзірбайжан мен Түркияның саяси және құқықтық тетіктердің көмегімен одақтастық қатынастарды дамытуға бейілділігі Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер мен бақылаушылар арасындағы және өңірдегі жан-жақты ынтымақтастық процесін одан әрі нығайтатынын атап өтті.

Жаңалықтар