Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің футбол федерацияларының арасында ортақ іс-шараларды көздейтін ынтымақтастық келісімге қол қойылды

Түркітілдес мемлекеттердің футбол федерациялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

15 Nisan 2021 13:15

14 сәуірде Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғыз Республикасының Ұлттық футбол қауымдастықтары ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумға қол қойды. Бұл туралы Түркия футбол федерациясы хабарлады.

Меморандумға қол қою онлайн-режимде өтті. Кездесуді Түркия футбол федерациясының президенті Нихат Өздемир ашты. 

Түркітілдес елдердің меморандумы қауымдастықтар арасындағы футбол ынтымақтастығын жандандыруға бағытталған. Футбол қауымдастықтары жаттықтырушыларды оқыту, тәжірибемен алмасу, сондай-ақ елдер арасында әр түрлі жастағы ұлттық командалармен жолдастық матчтар ұйымдастыру және Түрік Кеңесі Кубогын өткізу туралы келісті.

Түркия футбол федерациясының президенті Нихат Өздемир келісімді тарихи деп атады.

"Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің футбол федерациясы ретінде біз спорт саласындағы тарихи келісімге қол қойып отырмыз. 2009 жылы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, мүше елдердің неғұрлым кең ынтымақтастығына жәрдемдесуге және жалпы даму үшін мүмкіндіктерді ашуға бағытталған ортақ тарихқа, ортақ тілге және ортақ мәдениетке арналған Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі ресми түрде құрылды. Бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Мажарстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркия түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейте отырып, 20-дан астам салада белсенді ынтымақтасуда. Ал бүгін біз футбол саласында келісімге келдік. Біз бірге тиісті әрекеттерді жасаймыз деп үміттенемін." - деді Түркия футбол федерацисының президенті.

Жаңалықтар