Түркі кеңесі құрамындағы Бас прокурорлар кеңесіндегі серіктестік күшейеді

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық нығая түседі.

01 Kasım 2021 16:59

Түркия Республикасы Жоғарғы Сотының Бас прокуроры Бекир Шахин Әзірбайжан Республикасы Бас прокуроры Камран Әлиевтің шақыруымен Баку қаласында өтіп жатқан Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер Бас прокурорларының бірінші отырысына қатысуда.

Бекир Шахинмен бірге Әзірбайжанға Түркия Жоғарғы Сотының прокурорлары -  Бахаттин Азизагаоғлу, Илькнур Алтунташ, Мутаххар Келешоғлу және Айшегүл Ерсен келді.

Бас прокурорлар кеңесінің алғаш отырысына сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Берік Асылов, Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Құрманқұл Зұлушев, Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Никматилла Юлдашев және Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов қатысуда.

Бас прокурорлар отырысы 3 қарашада аяқталады.

Жаңалықтар