Түркі Кеңесі Түркия Президенті Ердоғанның туған күнін құттықтады

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі Кеңесі) Президент Режеп Тайып Ердоғанның туған күнін құттықтады.

26 Şubat 2021 23:51

Түркі Кеңесіне мүше болған елдердің атынан хабарлама жариялаған Бас хатшы Бағдад Әміреев: "Бүгінде Түркия Республикасы маңызды әлеуметтік-экономикалық және ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп тұр, осының бәрі президенттің арқасында болып жатыр."

Әміреев, Ердоғанның Түркі Кеңесі шеңберіндегі достық пен бауырластық негіздеріне бағытталған, көпжақты қатынастарды дамыту мен тереңдетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бас хатшы Әміреев: "Түркі Кеңесі және де өзімнің атымнан туған күніңізбен тағы да құттықтаймын, денсаулық, бақыт және болашақ жұмысыңызға табыс тілеймін, осы орайда бауырлас Түркия халқына бейбітшілікпен болашақта өркендеуді тілеймін."-деп айтты.

Жаңалықтар