Түркі әлемінің аса көрнекті, ұлы тұлғасы - Шыңғыс Айтматов

Қырғызстанның ұлы тұлғасы, әлемге әйгілі жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов туралы баяндама.

28 Mart 2021 16:03

Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері - Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз АКСР Талас облысында орналасқан Шекер ауылында, Төреқұл Айтматов пен Нағима Айтматованың отбасында дүниеге келген. 

Қырғызстанның ұлы тұлғасы 1935 жылы Мәскеуде 1 сыныпқа барды. 

Айтматов, 1946 жылы Жамбыл қаласындағы зооветеринарлық техникумды, 1953 жылы Скрябин атындағы Қырғыз мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірді, 1956-1958 жылдары Мәскеуде өткен Жоғары әдеби курстардың тыңдаушысы болды.

14 жасында жұмыс істей бастады

Cоғыс жылдарында аудандық салық жинаушы болып жұмыс істеді. Ауыл тұрғындарынан салық жинайды. Бірақ соғыс кезінде оған салық жинау оңай болған жоқ. Бір жылдан кейін, 1944 жылдың тамызында, бұл жұмыстан өз еркімен кетіп, трактор бригадасының бухгалтері болып жұмыс істейді.

1946 жылы сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін Жамбыл зооветеринарлық техникумына оқуға түседі.

1948 жылы техникумды үздік аяқтап, қырғыз ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1953 жылы үздік оқұшы ретінде аяқтайды.

1959-1965 жылдары "Әдеби Қырғызстан" журналының бас редакторы болды.

Сонымен қатар 1960-1965 жылдары "Правда" газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.

1988-1990 жылдары "Шетел әдебиеті" журналының бас редакторы болды.

Шыңғыс Айтматов қоғамдық жұмыстармен айналқан.

1965-1986 жылдарында Қырғызстан Кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Шыңғыс Айтматовтың марапаттары

Қырғыз Республикасының Халық жазушысы (1968);

Тоқтоғұл атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1979);

 ҚР ҰҒА-ның толық мүшесі (1974);

 Соц. Еңбек Ері (1978);

 Лениндік (1963) және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (1968, 1977, 1983);

 Джавахарлал Неру (Үндістан, 1985);

 Дүниежүзілік Ғылым және өнер академиясының академигі (Стокгольм, 1987);

 Жапониядағы Шығыс философиясы институтының академигі (1988);

 Австрия, Австралия, Америка, Үндістан, Италия, Түркия, Жапония және т.б. елдердің халықаралық сыйлықтарының лауреаты;

 Қырғыз Республикасының Халық Батыры (1997) секілді мараппатарға ие.

Түркияға алғаш рет 1975 жылы келді

1970 жылы Айтматов Түркияда "Қызыл орамалды шынарым" повесімен танымал болды. Түркияда 1977 жылы Туркан Шорай және Кадир Инаныр басты рөлде, бұл повестің экранизациясы шықты. Бұл фильм Түркияның классика фильмдері тізіміне кірді. 

Тұран әдебиетіне қосқан үлесі үшін сыйлық алуға шақырылып, Айтматов Түркияға алғаш рет 1975 жылы келді. Осы уақытқа дейін бұл елде түрік тілінде сегіз кітабі жарық көрді. 

Түркі әлемінің ұлы тұлғасы

Түркі елдері жазушының шығармашылығын ерекше құрметтейді.
Айтматовтың 90 жылдығына орай ТҮРІКСОЙ ұйымы 2018 жылды "Айтматов жылы " деп атап өтті. Осыған байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді.
 

Айтматов "мәңгүрт" терминін әлемдік әдебиетке енгізді

"Мәңгүрт" - өз халқымен байланысын жоғалтқан адам. Бұл терминді алғашқы рет өз шығармаларына енгізген жазушы ретінде тарихта қалды.

Шығармашылығы

Шыңғыс Айтматов – шығармалары әлем әдебиетінің көркем үлгілерінің қатарынан орын алған, сол арқылы туған халқын абыройға бөлеген жазушы. Оның әрбір көркем туындысы адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Оқырмандардың ерекше ықыласына бөленген «Жәмила», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сынды шығармаларындағы кейіпкерлер қарапайым адамдардан күрделі, адамдық тұғырдың биігінен көрінетін образдарға айналды.

Өмірінің соңғы жылдары

Ұлы жазушы 1963 жылы  Ленин сыйлығын алды.  Өз кезегінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. КСРО президенті Горбачевтің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап дипломатиялық қызметпен айналасты.

2008 жылдың 16 мамырында жазушы Татарстанға сапар жасаған кезінде бүйрек жетіспеушілігіне байланысты Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Онда 2008 жылдың 10 маусымында пневмония ауруынан қайтыс болды.

«Адамзаттың Айтматовы» атанған жазушының суреткерлік тұлғасы айқын да айрықша. Ол күнделікті өмірде кездесіп жүрген елеусіздеу, жұпыны адамды бойына адамдық асыл қасиеттерді жинаған тұлға деңгейіне көтереді. Шығармаларының мазмұнына қоғам, тарих, болашақ деген ұғымдарды да дарыта отырып, мәнін арттыра түседі.

Anahtar Kelimeler: Шыңғыс Айтматов,

Жаңалықтар