Түркі әлемінің мәдени астанасы: Бурса

Ашылу салтанатына 20 елден келген 700 әртіс қатысты.

31 Mart 2022 14:54

2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған Түркияның Бурса қаласында Түркі мәдениеті жөніндегі халықаралық ұйым ресми ашылу бағдарламасын ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақал кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Ерсин Татар қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым әлемде үлкен қайғы-қасірет болып жатқанын айтты;
Оның айтуынша, егер түркі халықтары біртұтас, дені сау болса, ешкім оларға залал бере алмайды. Сонымен қатар Йылдырым түркі елдер арасындағы бірлікке назар аударды.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой өз сөзінде түркі әлемі бірлесіп әрекет етуі керек екеніне тоқталды.

Бағдарламада әлемнің 20-дан астам елінен келген 700 өнер адамның қатысуымен түркі әлемінің түстері, фольклоры, киімдері мен музыкалық мәдениеті паш етілді.

Сонымен қатар Наурыз мерекесі тақырыбындағы түрлі-түсті арнайы шоу ұсынылды.

Жаңалықтар