"Түркі әлемінің мәдени астанасы" Бурсада әйел суретшілердің жұмыстары арнайы көрмеде ұсынылды

ТҮРКІСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы 2022 жылы "Түркі әлемінің мәдени орталығы" деп жариялаған Бурса қаласында "Фемин-арт" атты халықаралық көркем көрме ашылды.

29 Mart 2022 19:45

Бурса мәдени орталығында ашылған көрмеге 84 суретшінің жұмыстары қойылған.

Мәдени шараның ашылуына Бурса әкімінің орынбасары Халиде Серпиль Шахин қатысты.

Шахин көрмеде 100-ден астам жұмыс ұсынылғанын атап өтіп, 2022 жылдың "Түркі әлемінің мәдени орталығы" ретінде таңдалған Бурсада биыл бірқатар іс-шаралар өткізілетінін, олардың барлығы дерлік түркі әлемінің мәдениетімен танысуға бағытталатынын хабарлады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ол іс-шараға қатысқан қоғамдық азаматтық ұйымдардың өкілдеріне алғысын білдірді. 

Жаңалықтар