Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан кенті Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары тізіміне (OWHC) ресми түрде қабылданды

25 Şubat 2021 17:34

Бұл туралы Түркістан әкімдігі ресми мәлімет берді, қалада 2 сәуір күні Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының 10-ші конференциясы өтетін болады. Аталған ұйымға мүше болу арқылы Түркістан қаласындағы әлем көз тіккен көк күмбезді Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арттырмақ.

Ұйым мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге септігін тигізеді.

Дүниежүзілік мұрасы қалалары ұйымы UNESCO тарапынан 1993 жылы Мароккода кұрылған. 

Жаңалықтар