Түркі әлемінің рухани астанасы-Түркістан

Үш жыл бұрын Түркістан облысының орталығы болып жарияланған көне Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде қайта жаңғыруда.

27 Mart 2021 00:28

Қазақстанның көне қаласы Түркістанның 2 мыңға жуық тарихы бар, уақытында Қазақ Хандығының астанасы ретінде қызмет еткен шаһарда көптеген қазақ хандарының қабірлері орналасқан. 

Түркі әлемінің рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Яссауинің өмір сүрген Түркістан қаласы исламдану үдерісіне үлкен үлес қосқан.

Тарихи Жібек жолы бағытында орналасқан Түркістан облысында 2 миллионнан астам адам тұрады.
Ғасырлар бойы тарихи Жібек жолының рухани, саяси және сауда өмірінің орталығы болған Түркістан 1991 жылы, Қазақстанның тәуелсіздігін қайтадан алғаннан кейін өркендеуге бастады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан қаласы облыстың орталығы болып ресми қабылданды.

Биыл 31 наурызда өтетін "Түрік Кеңесі мемлекет басшыларының бейресми саммитінде" Түркістанға "түркі әлемінің рухани астанасы" мәртебесі берілуі жоспарлануда.

Түркістанда түркі әлемін біріктіретін маңызды құндылықтар бар

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университетінің оқытушысы, Яссауи атындағы зерттеу орталығының төрағасы, профессор Досай Кенжетай: "Түркістан қаласының бүкіл түркі әлемі үшін маңызы зор, себебі қалада Ахмет Яссауинің кесенесі орналасқан. Сондықтан қала бүкіл түркі әлемінің рухани орталығына айналуға әбден лайық." - деп айтты.

Түркістан қаласын рухани және мәдени туризм орталығына айналдыру жоспарлануда

Облыс әкімі Өмірзақ Шукеев хабарлағандай, 2018 жылы Түркістан қаласы облыс орталығы болып жарияланды. Содан бері осы өңірдің дамуына қолдау көрсетіліп, қала облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде де күн санап жаңарып келеді. Мақсат-Түркістанды рухани және мәдени туризм орталығына айналдыру.

Қаладағы Ахмет Яссауи және Арыстан-Баб кесенелері, сондай-ақ ежелгі Отырар және Сауран қалалары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.

Соңғы 3 жылда Түркістанға 3,5 миллиард доллар инвестиция жасалды

Соңғы 3 жылда Түркістанға жалпы 3,5 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестициялар жасалды, бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзағалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 100-ден астам инвестициялық жоба белсенді жұмыс істеуде. Олардың көпшілігі түрік фирмаларына тиесілі. Қала үнемі жаңарып отырады, инфрақұрылым мен экономика дамуда, деп хабарлады Мырзағалиев мырза.

Түркістандағы жаңа ғимараттар дәстүрлі нақыштармен безендірілген

22 мың гектарға жуық аумақта салынған жаңа Түркістанның бас жоспары үш негізгі бөлімнен тұрады:

-бизнес және қоғамдық ғимараттар;
-рухани орталық;
-тұрғын және өнеркәсіптік үйлер.

Қалада ашық аспан астындағы мұражай, театр, 5 жұлдызды қонақ үйлер қызмет беруде. Түркістандағы жаңа ғимараттар қазақ ұлттық нақыштармен безендірілді.

Anahtar Kelimeler: Түркістан,

Жаңалықтар