Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның бас символы-Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Түркі кеңесі тарапынан түркі әлемінің рухани астанасы болып 2021 жылда таңдалған Түркістан қаласында түркі-ислам мәдениетіне тиесілі бірқатар тарихи да киелі орындар бар, олардың ең бастысы, әрине, Қожа Ахмет Ясауинің кесенесі болып табылады.

14 Mart 2022 00:58

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енгізілген Түркістан Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ғасырлар бойы киелі Түркістан рухани, саяси және экономикалық орталықтардың бірі болды.

Түркі әлемінің рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Түркістанның символы ретінде белгілі. Кесене ортағасырлық түркі мәдениеті сәулет өнерінің бірегей ескерткіші болып табылады.

Шамамен 1389 жылы Әмір Темірдің  (Ақсақ Темір) бұйрығымен салынған. Бірде-бір шиге қолданылмаған және күйдірілген кірпіштен салынған кесененің екі қабаты бар. Кесененің кіре берісінде диаметрі 2 метр 45 сантиметр және салмағы 2 тонна болып табылатын қасиетті Тайқазан орнатылған. Тарихшылардың айтуынша, тайқазандағы су жұма намазына келген адамдарға таратылған.

Қожа Ахмет Ясауи 63 жасына келгеннен кейін Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с) көп өмір сүруге ешқандай құқығы жоқ деп санап, он жылдан астам уақыт бойы құрған медресесінде жертөле қазып, зикр жасап, мыңдаған рет Құран сүрелерін оқиды. 

Кесене 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

Қазандық;

Үлкен Ақсарай;

Кіші Ақсарай;

Құдықхана;

Кітапхана;

Асхана;

Көрхана;

Мешіт.

Жаңалықтар