Түркі әлемінің жаңа стратегиясы: Әліпби

Түркі Республикалары "кириллицадан латын әліпбиіне көшу" процесін аяқтауда. Әліпбиді өзгерпеген жалғыз ел - Қырғызстан. Ал, "Әліпбиді" ауыстырудың стратегиялық маңызы қандай?

18 Ağustos 2021 14:26

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде Орталық Азиядағы Түркі Республикаларында мәжбүр түрде кириллицаға көшу процесі басталды.

Орыстар әр түркі халқы үшін әр түрлі әліпби құрады. Бұл әліпби түркі әлемінің тіл, әдебиет, сауда, экономика салаларындағы қарым-қатынастарына теріс әсер етті.

Қазіргі таңда Түркі Республикалар біртіндеп латын әліпбисіне көшуде. 

Алайда Қырғызстан латын әліпбисіне көші процесін бастамаған жалғыз ел болып қала берді.

Түркі Республикаларында әліпбидің өзгеруі

Бүгінгі таңда Әзірбайжан 34 әріптен таңдалған 32 әріптік латын алфавитін қолданады. 1993 жылы Түркіменстан мен Өзбекстан, ал 1994 жылы Қарақалпақстан латын әліпбиіне көшті, бірақ бұл елдердің әліпбилерінде ауытқу байқалды.

Жақында Өзбекстанда өмірдің барлық кезеңдерінде латын әріптерін қолдану туралы шешім қабылданды. 

Қазақстан біраз уақыт әліпбиді ауыстыру бойынша жұмыс істеді. 2017 жылы біртіндеп латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдады, бірақ өңделген алфавит сынға ұшырады. Түрік ғалымдары "бір дауыс-бір әріп" ұсынып, 2021 жылдың 28 қаңтарында Қазақстанда жаңа әліпби көпшіліктің назарына ұсынылды.

Қырым түріктері мен Гагауз түріктері латын алфавитін қолданады, ал Ирак түріктері шектеулі басылымдарда Түркі Республикаларының латын алфавитін араб тілінің орнына қолданады.

"Әліпбиді ауыстыру тақырыбы 1991 жылдан бері күн тәртібінде"

Түркиядағы Гази университетінің оқытушысы, профессор Ахмет Бижан Ерджиласун ТРТ телеарнасына берген сұхбатта 1991 жылдан бастап Түркі әлемі жаңа процеске кіріскенін, Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) тағы 5 тәуелсіз Түркі Республикасы қосылғанын және тәуелсіз Түркі әлемі жер бетінде 7 республикадан тұруға басталғанын еске салды.

1991 жылдың 18-20 қарашасында Ыстанбұлда Мармара университетінің Түркі зерттеулері институтында қазіргі түркі әліпбилері бойынша симпозиум өтті. Түркі әлемінің көптеген ғалымдары қатысқан бұл кездесудің қорытынды мәлімдемесінде тәуелсіздігін жаңадан алған республикаларға латын әріптеріне негізделген жалпы 34 әріптік әліпби ұсынылды. Шамамен бір айдан кейін, 1991 жылдың 25 желтоқсанында Әзірбайжан Парламенті латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдады.

"Саяси тәуелсіздіктің, сондай-ақ мәдени тәуелсіздіктің символы"

Түркі әлемінде жалпы латын әліпбиін қолдану түркі халықтары үшін өте маңызды қадам болып табылады. Профессор Ерджиласун: "Кеңес Одағынан бөлініп, тәуелсіз болған Түркі Республикалары үшін кириллицадан латын әліпбиіне көшу саяси тәуелсіздіктің, сондай-ақ мәдени тәуелсіздіктің символы болып табылады."- деп жалғастырды.

Сталин заманында Түркі халықтарына қысым жасаған кириллица алфавиті "Ресейге тәуелділікті", ал латын әліпбиі "еркін және өркениетті әлемнің ашылуын" білдірді.

Ортақ әліпби түркі әлеміндегі жақындасу мен ынтымақтастыққа ұмтылысты көрсетеді. 7 Түркі республикасы және Қырым, Гагаузия, Болгария, Солтүстік Македония, Косово, Батыс Тракия, Ирак, Сирия сияқты елдерде жалпы ортақ әліпбиді қолдану осы ел мен қауымдастықтар арасында үлкен мәдени байланыс орнатады.

"Алдағы жылдары ортақ әліпби қолданамыз деп үміттене аламыз"

34 әріптен тұратын әліпби - бұл жалпы әліпби, сондықтан түркі халықтарының енгізген әліпбилерде ауытқулар бар", - деді Ерджиласун.

"Өзбекстан мен Қазақстан мысалдарында көргеніміздей, серіктестікке бейімділік бар. Сондықтан алдағы жылдары біз жалпы дамытылған әліпбиге қол жеткіземіз деп үміттене аламыз,"- деп жалғастырды Ерджиласун.

Әліпбиді өзгертпеген жалғыз Түркі Республикасы: Қырғызстан

Қырғызстан Түркі Республикаларында әліпбиін ауыстырмаған жалғыз ел болып қала берді. Профессор Ерджиласун бұл тақырып бойынша да пікірін білдірді.

"Менің ойымша, Қазақстандағы процесс аяқталғаннан кейін Қырғызстан да латын әліпбиіне көшу туралы ойланатын болады. Бұл мәселе бойынша шешім 10 жылға созылмайды деп ойлаймын. Әліпбидегі өзгерістер туралы шешімді саяси билік қабылдағанын еске түсірейік. Саяси билік, әрине, өздерінің қоғамдық пікірлерінің ықпалында. қырғыз жұртшылығында да Түркия мен латын әліпбиіне беталыс байқалады. Мен мұның салдарын көреміз деп үміттенемін," - деді Ерджиласун.

"Ортақ әліпбиге көшу процесі басталады"

Профессор Ерджиласун Түркі әлемі мен ортақ әліпбиге деген көзқарасын келесі сөздермен аяқтады:

"Иранда 30-35 миллион адам, Шығыс Түркістанда 15-20 миллион, Ауғанстанда 3-4 миллион түркі халықтарының өкілдері бар және олар араб әріптерін қолдануды жалғастыруда. Саяси және мәдени жағдайлар оң болған кезде біз ортақ әліпби қолдануы үшін қадамдар жасалады деп ойлаймыз".

Anahtar Kelimeler: Латын, Әліпби,

Жаңалықтар