"Түркі әлемінің жас көшбасшылары" бағдарламасының студенттері Ыстанбұлда

"Тілде, пікірде, тірлікте-бірлік" ұранына негізделе отырып, 2021 жылы Еуразиялық жастар мектебін құрған Шетелдегі түрік және бауырлас қауымдарды ұйымдастыру (YTB) 3 ай ішінде түрлі саладағы мамандардың қатысуымен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 105 студентке арналған бағдарлама әзірледі.

25 Ağustos 2021 07:19

Еуразия жастар мектебінің 36 оқушысы "түркі әлемінің жас көшбасшылары" бағдарламасы аясында Түркияға Ыстанбұл, Анкара және Бурса қалаларының тарихи-мәдени орындарын көріп, түрлі іс-шараларға қатысу үшін келді.

Студенттер Айя-Cофия мешітіне, Топкапы сарайына, Көк мешітке, Фатих пен Сүлейман кешендеріне, Эйюп Сұлтан кесенесіне, Долмабахче сарайына барды.

Қазақстаннан "Түркі әлемінің жас көшбасшылары" бағдарламасына қатысқан Гүлістан Абдуллаева 3 ай бойы өткізілген курстың өте пайдалы болғанын айтты. Ыстанбұлға алғаш рет келген Гүлістан: "Бұл өте таңғажайып қала. Адамдар да өте жақсы," - деді.

Студенттер Ыстанбұлдан кейін Бурса мен Анкарада өтетін түрлі семинарларға қатысатын болады.

Жаңалықтар