Түркі мәдениетінің ортақ спорт түрі - "Көк Бөрі"

Түркияның Ван қаласында тұратын қырғыздар "Көк Бөрі" атты ұлттық спортына өте үлкен мән беруде.

10 Nisan 2021 23:22

Отанынан алыс қалған қырғыздар салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа беруге ұмтылуда.

36 жыл бұрын Ауғанстанның Памир үстіртінен көшіп келген және Улупамир ауданына қоныстанған қырғыздар, қазіргі таңда көбінесе Ван қаласының Ерджиш ауданында тұрады. Өз ұлтының мәдениетін ұмытпау үшін жергілікті қырғыздар Ван қаласының әкімшілігінің қолдауымен "Улупамир Көк-Бөрі" қауымдастығын құрды.

Қауымдастықтың іске асыратын жұмыстары аясында түрлі спорттық іс-шаралар да өткізілуде.  

"Улупамир Көк-Бөрі" қауымдастығының төрағасы Якуп Тимур берген сұхбатында, "Көк-Бөрі" ойынының 5 мың жылға жуық тарихи болғанын атап өтіп, бұл мәдение мұраны сақтау керек екенін ескертті.

Ойынның тәртібіне сәйкес ат үстіндегі ойыншы лақты ұстап алғаннан кейін қарсыластың қамалынан өтіп, ұпай жинауға негізделген.

Ат үстіндегі ойыншының күші мен шеберлігі аттың жылдамдығынан гөрі маңызды, бұл ұлттық ойын жастарға әскери сипаттамаларды үйретеді, ат пен шабандоздың арасындағы бейімдеуді нығайтады, сондықтан түркі әлемінің халықтары ғасырлар бойы соғысқа жаттығу ретінде бұл ойынды қолданған. 

Ежелгі заманда кез-келген уақытта соғысқа дайын болу үшін жауынгерлер "Көк Бөрі" ойнаған, ал қазіргі уақытта түркі халықтары тарапынан фестивальдарда, мерекелерде және үйлену тойларында ойналатын ойын ұрпақтан-ұрпаққа берілуге ұмтылынады. 

 

Жаңалықтар