Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы дамып келеді

Түркияның Ұлттық білім министрлігінің хабарлауынша, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында тәжірибе алмасу бағдарламасы биыл алғаш рет жүзеге асырылытан болады. Білім беру саласының өкілдері 6-12 маусымда Анкара және Ыстанбұл қалаларында "Мұғалімдердің тәжірибе алмасу бағдарламасы" шеңберінде кездеседі.

31 Mart 2022 17:08

Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Махмут Өзер Түркі мемлекеттері ұйымының білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтетінін хабарлады.

Министр Ыстанбұлда Түркі Кеңесінің 8-ші саммиті қарсаңында Кеңеске мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 6-шы отырысы өткенін, сондай-ақ бұл отырыс аясында 2022 жылы "Мұғалімдердің тәжірибе алмасу бағдарламасын" жүзеге асыру туралы келісілгенін еске салды.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдер арасындағы "Мұғалімдердің тәжірибе алмасу бағдарламасы" бастапқыда Түркияда өтеді. Оның аясында 6-12 маусым күндері арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан және Түркіменстаннан келген мұғалімдер Ыстанбұл мен Анкара қалаларында арнайы оқудан өтеді. 

Іс-шара мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасуға бағытталған. Аталмыш білім бағдарламасы Түркі мемлекеттері арасындағы өзара сенімді, достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға, әлеуметтік және мәдени дамуды нығайтуға, білім, мәдениет, ғылым және техника саласындағы ынтымақтастықты ынталандыруға, өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған. Бұдан басқа, білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. 

Бағдарлама барысында мұғалімдер оқыту әдістерімен, өлшеу мен бағалаудың жаңа тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алады.

Жаңалықтар