Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев Қырғызстан мен Тәжікстанды диалогқа шақырды

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев Қырғызстан мен Тәжікстанды диалогқа шақырды.

29 Ocak 2022 00:41

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Бағдад Әміреевтің мәлімдемесінде:

"Біз қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға терең алаңдаушылық білдіреміз және дипломатиялық келіссөздер арқылы қарулы қақтығыстарды дереу тоқтатуға, бейбіт жолмен шешуге және жағдайды тұрақтандыруға шақырамыз.

Түркі мемлекеттері ұйымы бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қару қолдануды айыптайды және көрші екі елдің мемлекеттік шекарасында шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырады.

Біз Қырғызстанның ахуалды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі күш-жігерін және өзара түсіністікке, құрметке, тату көршілікке негізделген Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы диалогты қолдаймыз.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі тарап өзара сенімді нығайту және жанжалдардың алдын алу үшін қажетті қадамдар жасайды деп үміттенеміз." - делінді.

Жаңалықтар