ytb

Түркі мемлекеттері ұйымының диаспоралары YTB ұйымдастыруымен Бурсада жиналмақ

Түркі мемлекеттері ұйымының диаспоралары YTB (Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдардың төралқасы) ұйымдастыруымен Бурсада жиналмақ.

25 Mart 2022 16:04

Бүгінгі таңда YTB ұйымы Түркі Мемлекеттері Ұйымына (ТМҰ) мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне бағытталған білім беру, жастар, көлік, денсаулық сақтау, экономика, әділет, ғылым және мәдениет саласында 105 жобаны іске асырды.

YTB Әзербайжан жастары көмек қорының жариялаған "Біздің өркениетіміздің шамдары" кітабын қолдау үшін 9 мың дана кітапты тарату жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, 2021 жылғы 10 маусымда Әзербайжан диаспорасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп ұйымдастырған жиналыста екі диаспораның тап болатын проблемалары мен оларға арналған шешімдер туралы ұсыныстар талқыланды.

Түркия шәкіртақысы (Түркия стипендиялары)

Түркия стипендиялары бағдарламасы да YTB ұйымының ең ірі жобаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытқа дейін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 18 мың 656 шетелдік студент Түркияда бұл стипендия арқылы білім алды. Ал 1429 студент Түркияның әртүрлі университеттерінде оқуын жалғастырып келеді.

Диаспоралардың нәсілшілдік және исламофобия сияқты қиындықтары талқыланатын кездесу 28-30 наурызда өтеді.

"Диаспора 2" форумында түркі диаспораларының ынтымақтастығын құруда маңызды рөл атқаратын өкілдік және бірлескен шешімдердің кең ауқымы қаралады, деп күтілуде.

Іс-шара барысында Диаспоралар арасында тәжірибе алмасу бағдарламасы да өткізіледі.  Аталған шаралардың қатысушылары, сондай-ақ "Бурса - Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" мәдени шаралардың ашылуына қатысатын болады.

 

Жаңалықтар